Биология пәнін оқу мен оқытуда оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру жолдары

Биология пәнін оқу мен оқытуда оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру жолдары

Биология пәнін оқу мен оқытуда оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытудағы заманауи әдіс-тәсілдерімен бөлісу, өзара тәжірибе алмасу, педагогтерге STEM білім беру идеяларын ұсыну арқылы оқушылардың бойындағы зерттеу қасиеттерін дамыту жолдарын көрсету мақсатымен ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ, 2024 жылғы 29 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Жаксылыкова Гульмира Идришевна және облыс мектептерінің бір топ билогия пәнінің мұғалімдерімен бірлесіп «Биология пәнін оқу мен оқытуда оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында интерактивті семинар өткізді.

Семинар барысында Кабдуалиева Сәуле Берікқыз ШҚО білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің «Үлкен Нарын ауылдық лицейі» КММ, «Биология пәнінен зертханалық жұмыстарды ұйымдастырудың жолдары», Конырова Еркежан Манарбековна, «25 ЖОББМ». КММ; «Ақпаратпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту», Имангали Залина Кайратқызы, ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№8 орта мектеп» КММ, «Биологиялық есептерді шығару арқылы зерттеуге қалай үйретуге болады?»; Сарсембекова Тлеугайша Сарсембековна, ШҚО білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақмектеп орта мектебі» КММ, «Модельдеу – ғылымды тану әдісі»; Шаймарданова Алтынай Ермековна, ШҚО білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейі» КММ, «STEM технологиясы негізінде оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыптарында өз тәжірибиелерімен ZOOM платформасында бөлісті.

Семинардың қорытынды бөлімінде қатысушылар пікір алмасып, өз сұрақтарына жауап алды.