«Қ.Н. Нұрғалиевтің негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі» өңіраралық педагогикалық оқу

«Қ.Н. Нұрғалиевтің негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі» өңіраралық педагогикалық оқу

2024 жылдың 28 қараша күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ КСРО халық ағарту ісінің үздігі, жаңашыл-педагог Қ.Н.Нұрғалиевтің 100 жылдық мерейтойына орай «Қ.Н.Нұрғалиевтің негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі» өңіраралық педагогикалық оқуларын (ZOOM платформасында) өткізді.

Педагогикалық оқудың мақсаты – Қ.Нұрғалиев идеясы негізінде білім берудің өзекті мәселелерін талқылау, оқытудағы үздік инновациялық педагогикалық іс-тәжірибелермен бөлісу, тарату, педагог мұрасын насихаттау.

Педагогикалық оқуларға Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, Орта білім мазмұны институтының ғылыми қызметкері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша КДИ аға оқытушысы, жоғары оқу орындарының оқытушы-ғалымдары өз жұмыстарын ұсынды.

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ директордың м.а А.Г.Сыйхымбаева шараның тәрбие мен оқытудағы маңыздылығын атап өтті.

Пленарлық бөлімде:

- Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның қызметкері Б.Е. Ахмер;

- Қазақ ССР-нің білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, зейнеткер-педагог Ә. Нурмухамедов;

- «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша КДИ аға оқытушысы А.А.Ислямова;

- т.ғ.к, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының мүшесі, «Үздік педагог-2022» атағының иегері Р.С. Чекетаева;

- Халық ұстазының қызы, педагогтер әулетінің өкілі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Г.К. Нургалиева баяндама жасады.

 Спикерлер жаңашыл педагог жайлы ой қозғады, ұстаз еңбегі туралы әсерлі естеліктер, құнды деректер, тың зерттеулер ұсынды.

 Тақырыптық алаң бірнеше бағыттарды қамтыды:

І. «Қ. Нұрғалиевтің кәсіби мұрасы, педагогикалық көзқарастары»;

ІІ. «Қ.Нұрғалиев тұжырымындағы ғылым мен тәжірибе байланысының белгілері»;

ІІІ. «Қ. Нұрғалиевтің шығармашылығының ерекшелігіндегі тәлім - тәрбие бағыты».

Жалпы орта білім беру мекемелерінің басшылары, білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері, пән мұғалімдері тақырыптық алаңдарда өзіндік іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Пленарлық бөлімнің және тақырыптық алаңның спикерлері алғыс хатпен марапатталды. Педагогикалық оқулардың материалдары электронды жинаққа шығарылып, ШҚО білім басқармасының порталына орналастырылады.