
2024 жылғы 27 қараша күні Өскемен қаласында асық ату және бес асықтан 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Мақсаты – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Асық ату және бес асық бойынша жарыстар «Асық ату федерациясы» РҚБ ережелеріне сәйкес өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға келесі командалар ие болды:
Ұлдар арасында:
І орын – «Абай атындағы №33 орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы;
ІІ орын – «С.Аманжолов атындағы орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы;
ІІІ орын – «Алтай қаласының № 9 орта мектебі» КММ, Алтай ауданы.
Қыздар арасында:
І орын – «Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі» КММ, Тарбағатай ауданы;
ІІ орын – «Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ, Самар ауданы;
ІІІ орын – «С.Аманжолов атындағы орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!