Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХVІІ Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің қорытындысы

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХVІІ Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің қорытындысы

2024 жылдың 19-22 қараша аралығында Астана қаласында өткен жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХVІІ Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысынан 4 оқушы қатысты.

Олимпиада 11 сынып оқушылары арасында математика, физика, химия, биология пәндерінен өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша Өскемен қаласындағы №34 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Козленко Екатерина III дәрежелі дипломмен және қола медальмен марапатталды.

Барлық қатысушыларға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификаттары табысталды.

Екатеринаны және оның мұғалімдерін, ата-аналарын лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!