Лингвистика бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы

Лингвистика бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы

2024 жылдың 20 қарашасында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында 8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистикадан республикалық іріктеу олимпиадасы облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты - дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика пәні бойынша оқушылардың білімін жетілдіру және тереңдету.

Олимпиадаға аудандық (қалалық) кезеңнің жүлдегерлері қатысты.

Оқушылар белгіленген уақыт ішінде, оларға таныс емес тілде деректерді қамтитын бірнеше тапсырмаларды талдап, шешті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 31 қатысушы жүлделі орындарға ие болды (I орын - 5 оқушы, II орын – 9 оқушы, III орын - 17 оқушы).

Жеңімпаздар тізімі  https://shygysdaryn.ai.kz.  сайтында орналасқан.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!