Шығыс Қазақстан облысының жас спортшыларының шайбалы хоккейден «Жұлдызша» республикалық жарысындағы жеңісі

Шығыс Қазақстан облысының жас спортшыларының шайбалы хоккейден «Жұлдызша» республикалық жарысындағы жеңісі

2024 жылғы 16-21 қараша аралығында Өскемен қаласында спорттың қысқы түрлері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің мұз айдыны базасында шайбалы хоккейден 2012-2013 жылы туған мектеп оқушылары арасында «Жұлдызша» республикалық жарысы өтті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер атағы үшін 2012-2013 жылы туған оқушылардың 6 командасы бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша адал және ымырасыз күресте Республиканың ең мықты балалар мен жасөспірімдер командалары анықталды:

І орын - «Торпедо 2012-1», Шығыс Қазақстан облысы;

ІІ орын - «Торпедо 2013-1», Шығыс Қазақстан облысы;

ІІІ орын - «Шығыс», Шығыс Қазақстан облысы;

Спортшыларды жеңісімен құттықтаймыз! Одан әрі табыстар мен жетістіктер тілейміз!