Шайбалы хоккейден 2014 жылы туған мектеп оқушылары арасында «Жұлдызша» республикалық жарысының қорытындысы

Шайбалы хоккейден 2014 жылы туған мектеп оқушылары арасында «Жұлдызша» республикалық жарысының қорытындысы

2024 жылғы 8-15 қараша аралығында Өскемен қаласында спорттың қысқы түрлері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің мұз айдыны базасында шайбалы хоккейден 2014 жылы туған мектеп оқушылары арасында «Жұлдызша» республикалық жарысы өтті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер атағы үшін 2014 жылы туған оқушылардың 7 командасы бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша адал және ымырасыз күресте Республиканың ең мықты балалар мен жасөспірімдер командалары анықталды:

І орын - «Стрижи», Алматы қаласы;

ІІ орын - «Торпедо – 2015», Шығыс Қазақстан облысы;

ІІІ орын - «Торпедо – 2014», Шығыс Қазақстан облысы.

Спортшыларды жеңісімен құттықтаймыз! Одан әрі табыстар мен жетістіктер тілейміз!