
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Өскемен қ. ХББ НЗМ биология мұғалімі, педагог-зерттеуші Имашпаева Гүлжайна Ашанқызымен бірлесіп, облыстың биология пәнінің мұғалімдеріне арналған вебинар өткізді, онда оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту бойынша түрлі тапсырмалар қаралды.
Семинардың мақсаты: PISA 2025 шеңберінде оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту үшін түрлі тапсырмаларды құрастыру жолдарын талдау.
Семинар барысында спикер әлемнің 15 жасар оқушыларында PISA қандай дағдыларды тексеретіні туралы айтты? 2022 жылғы PISA қандай нәтиже көрсетті және оқушылардың дамуы үшін қандай дағдыларды орындау керек, білім беру бағдарламасы мен PISA тапсырмалары арасындағы байланыс, оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту үшін тапсырмаларды құрастыру және пайдалану жолдары көрсетілді.