
2024 жылдың 28 қараша күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ КСРО халық ағарту ісінің үздігі, жаңашыл-педагог Қ.Н.Нұрғалиевтің 100 жылдық мерейтойына орай «Қ.Н.Нұрғалиевтің негізгі идеялары мен педагогикалық тәжірибесі» өңіраралық педагогикалық оқуларын өткізеді.
Педагогикалық оқудың мақсаты – Қ.Нұрғалиев идеясы негізінде білім берудің өзекті мәселелерін талқылау, оқытудағы үздік инновациялық педагогикалық іс-тәжірибелермен бөлісу, тарату, педагог мұрасын насихаттау.
Педагогикалық оқу 2 кезеңнен тұрады:
1.Пленарлық бөлім
Тақырыптық алаң бірнеше бағыттарды қамтиды:
І.«Қ. Нұрғалиевтің кәсіби мұрасы, педагогикалық көзқарастары»
ІІ.«Қ.Нұрғалиев тұжырымындағы ғылым мен тәжірибе байланысының белгілері»
ІІІ.«Қ. Нұрғалиевтің шығармашылығының ерекшелігіндегі тәлім-тәрбие бағыты».
Педагогикалық оқуларға педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдарының академигі, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Орта білім мазмұны институтының ғылыми қызметкері, жоғары оқу орындарының оқытушы-ғалымдары, жалпы орта білім беру мекемелерінің басшылары, білім бөлімдерінің әдіскерлері, педагогтер қатысады.
Пленарлық бөлімнің және тақырыптық алаңның спикерлері алғыс хатпен марапатталады, онлайн қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Педагогикалық оқулардың өткізілу мерзімі: 2024 жылғы 28 қараша.
Пленарлық отырыстың басталуы: сағат 10.00.
Тақырыптық алаңның басталуы: сағат 12.00.
Форматы: онлайн
Жауапты - ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің әдістемелік бөлімінің әдіскері Билялова Айгуль Жанахметовна (87055014271)