2020-2021 оқу жылында оқу процесіне енгізілетін 11-сыныпқа арналған оқулықтардың тұжырымдамасы және мазмұны ерекшеліктерімен педагогтерді таныстыру өңірлік әдістемелік семинар

2020-2021 оқу жылында оқу процесіне енгізілетін 11-сыныпқа арналған оқулықтардың тұжырымдамасы және мазмұны ерекшеліктерімен педагогтерді таныстыру өңірлік әдістемелік семинар

2020 жылғы 14 тамызда қашықтық форматында Республикалық «Оқулық» орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Жол картасына  сәйкес 2020-2021 оқу жылында оқу процесіне енгізілетін 11-сыныпқа арналған оқулықтардың тұжырымдамасы және мазмұны ерекшеліктерімен педагогтерді таныстыру бойынша Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне арналған кезекті Республикалық тамыз кеңесі аясында  өңірлік әдістемелік семинар өткізді.  

Семинардың мақсаты - 2020-2021 оқу жылында оқу процесіне енгізілетін 11-сыныпқа арналған оқулықтардың тұжырымдамасы және мазмұны ерекшеліктерімен педагогтерді таныстыру.

Семинар барысында 18 оқу пәндері бойынша 12 секция жұмыс жасады. Шара аясында 15 баспаның 45 авторы 11 сыныпқа арналған оқулықтардың тұжырымдамасы және мазмұны ерекшеліктерімен таныстырды.

Қатысушылар пәндік бағыттар бойынша авторлар мен баспаларға оқулықтардың мазмұны бойынша сұрақтар қойып, әрі қарай дамыту жұмыстарын жүргізуде пікір алмасты.

Өңірлік семинарға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 2500-ге жуық мұғалімдері және аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.