"WorldSkills Kazakhstan 2024" республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының екінші күні "ЭКСПО" халықаралық көрме орталығының базасында - ең қарқынды, сонымен қатар өте әсерлі өтуде. Қазірдің өзінде қызығарлықтай нәтижелер бар. Барлық қатысушылардың жігері мол, олар өздерінің шеберліктерін көрсетуге құлшыныспен кіріскен және өздерінің құзыреттіліктерінде ең жақсы екендіктерін дәлелдеуде байсалдылық танытып, модульдер бойынша басталған жұмысты қанағаттанарлықтай аяқтауға күш салуда. Біреулер схемаларды орнатуда, мехатроника, дәнекерлеушілер, Аспаздық іс қатысушылары өз дағдыларын көрсетіп, шаштараз жас мамандар қабілеттерімен бөлісуде – әрине, бұл өте керемет. Қатысушылар белсенді күш салуда.
Барлық алаңдарда – қызу жұмыс атқарылуда.
Біз WorldSkills іс-шарасын бақылауды жалғастырамыз. Алда – үшінші, шешуші күн.