
2024 жылғы 14 қарашада бейне сабақтар мен бейне дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» облыстық конкурсының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының колледж оқытушылары жеңімпаз бен жүлдегер атанды.
Конкурс мақсаты - пәнаралық негізде білім алушылардың ерте функционалдық сауаттылығын дамыту саласында педагогтердің өзара қарым-қатынасының заманауи педагогикалық тәжірибесі мен үздік практикаларын жалпылау және танымал ету.
Конкурс нәтижесінде қатысушылар І, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды:
-І дәрежелі дипломдармен «Цифрлық сауаттылық» бағыты бойынша Өскемен құрылыс колледжі директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары, информатика пәнінің оқытушысы Чирвин Владимир Александрович, «Азаматтық-құқықтық сауаттылық» бағыты бойынша алғашқы әскери және технологиялық дайындық ұйымдастырушы-оқытушысы Подрезов Игорь Борисович;
-І дәрежелі дипломмен «Экологиялық сауаттылық» бағыты бойынша Өскемен жоғары политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Григорьев Николай Владимирович;
-І дәрежелі дипломмен «Әлеуметтік-эмоционалды сауаттылық» бағыты бойынша Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің әдіскері, Мукашева Асель Оразкызы және арнайы пәндер оқытушылары Арутюнян Елена Генриховна, Величко Марина Викторовна;
-ІІІ дәрежелі дипломмен «Әлеуметтік-эмоционалды сауаттылық» бағыты бойынша Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің педагогика және арнайы пәндер оқытушысы Даутова Мадина Токтаровна.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсына қатысады.
#педагогикалықидеяларпанорамасы