
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2024 жылдың 14 қарашасы күні меншіктік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшыларына балабақшалардың мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында семинар өткізді.
Семинарға ШҚО Білім басқармасының бас маманы Кажибекова Б.С. қатысып, 2025 жылға облыс бойынша 33 балабақшаның мемлекеттік аттестаттаудан өткізілетіндігін, шараға үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін айтып өтіп, балабақшалардың мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне аудандық/қалалық білім бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша әдіскерлерінің қолдау көрсетуінің маңыздылығына мән берді.
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Білім беру ұйымдарының білім беру менеджменті және мониторингі әдістемелік бөлімінің басшысы Раимбекова Б.А 2024 жылының мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік аттестаттаудың қорытындысына кеңінен тоқтап, қатысушыларды мемлекеттік аттестаттау алгоритмімен, өлшемшарттарымен, өзін-өзі аттестаттау талаптарымен таныстырды.
Шара барысында 2024 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өткен ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №4 «Сәулетай» балабақша-бөбекжайы» КҚМК әдіскері Рыбина Т.Б., ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №106 «Қарлығаш» балабақша-бөбекжайы» КҚМК директоры Каримова Ж.К. өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестерінің көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, алдыда тұрған мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтулеріне тілектестік білдірді.
Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс орнатылып, сұрақтарға жауаптар берілді.
Семинарға облыстың мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары мен әдіскерлері, жиыны 50 педагог қатысты.