
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 11-12 қараша күндері Қазақстан Республикасы ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығы» ШЖК РМК мамандары Тұргұнова Д.Т және Хамит Ж.Р қатысуымен екі күндік оқыту семинары Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ базасында өтті.
Семинар мақсаты: «Саламатты мектеп» ұлттық үлгісін енгізумен таныстыру. «Саламатты мектеп» жобасына енген Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарынан мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, дене шынықтыру мұғалімдері, облыстық штаттан тыс Денсаулық сақтау басқармасының мектеп медицинасы бойынша бас үйлестіруші Абильмажинова Ж.Е, медицина қызметкері Коноплева А.В. қатысты.
Осы іс-шарада 64 адам техникалық кеңес берумен қамтылды. Қазақстанда ДДҰ «SHSUZ» жобасын іске асыру шеңберінде жұмыс жалғасады облыс бойынша денсаулықты насихаттайтын мектептердің саны артып келеді. Кері байланыс барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.