«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша облыстық семинар

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша облыстық семинар

«Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 13 қарашасында арнайы мектеп, мектеп-интернаттары, балалар үйлері және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының мұғалімдеріне арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша онлайн семинар өткізді. Семинарға 40 педагог қатысты.

Іс-шара мақсаты – оқушылардың жеке тұлғасының үйлесімді дамуын қалыптастыру, рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу, кәмелетке толмағандар арасында девианттық мінез-құлық, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

Семинар барысында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының тренері Абдрахманова А.Е. қатысушыларды бағдарламаның жаңартылған мазмұнымен, құндылықтар жүйесімен, негізгі идеяларымен және іске асыру тетіктерімен таныстырды.

Іс-шара соңында мұғалімдер мекемелердегі оқу-тәрбие жұмысын жақсартуға көмектесетін әдістемелік ұсыныстар алды.