
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығымен «Kundelik» ЖШС-мен бірлесіп 2020 жылғы 13 тамызда облыстың арнайы мектептеріне жүйені сапалы толтыру бойынша онлайн-вебинар өткізілді.
Семинарға Өскемен және Семей қаласы, Алтай ауданы «Kundelik» бірыңғай ақпараттық жүйесінің толтырылуына жауапты мамандары, мектеп әкімшілері мен мұғалімдері қатысты.
Онлайн-семинарда қатысушылар жүйені толтыру мәселелерін, оның ішінде сыныптар мен топтарды құрастыру, ағымдағы есептемелерді жүктеу мәселелерін қарастырды. Сұрақтардың барлығына «Kundelik» ЖШС мамандарынан толыққанды жауап алынды.