
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2024 жылдың 15 қараша күні «Үздік өлкетану сабағы - 2024» облыстық байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты – өлкетану пәнінің маңыздылығын арттыру, мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесімен бөлісу, іс-тәжірибелерін тарату.
Байқауға Шығыс Қазақстан облысының жалпы орта білім беретін мектептерінің «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы», «География», «Музыка», орыс тілінде оқытатын мектептерге арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері мұғалімдері қатысады.
Байқау 2 кезеңнен тұрады.
І кезең - аудандық/қалалық.
ІІ кезең – облыстық кезеңге аудандық/қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқау жеңімпаздары қатысады.
Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Алғыс хат «Креативті мұғалім», «Ізденімпаз мұғалім», «Шығармашыл мұғалім», «Жаңашыл мұғалім», «Цифрлы сауатты мұғалім» номинациялары бойынша беріледі.
Өтетін орны: Абай даңғылы 21, 4 қабат, конференц зал.
Өткізілетін мерзімі, уақыты: 2024 жыл, 15 қараша сағат 10.00