
2020 жылғы 13 тамызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесіп, білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы шеңберінде секциялық отырыстар өткізді. Оған облыстың білім беру ұйымдарының 3000-нан астам педагогтері қатысты.
Қатысушылар: директорлар және директордың орынбасарлары, пән мұғалімдері, 1-сынып мұғалімдері, психологтер, сынып жетекшілері.
Оқыту тілдері бойынша онлайн режимінде қашықтықтан оқыту мәселелеріне арналған 10 секция жұмысы жүргізілді: «Қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтерге әдістемелік көмек ұйымдастыру», «Сараланған оқыту: қашықтықтан оқытуды енгізу жағдайында әрбір оқушыны қолдау үшін оқытудың тиімді нысандары мен әдістері», «Қашықтықтан оқытуды енгізу жағдайында оқушылар мен ата-аналарды психологиялық қолдау», «5-сынып оқушыларын қашықтықтан оқыту режимінде оқытуды ұйымдастыру тәсілдері», «1-сынып оқушыларын қашықтықтан оқыту режимінде оқытуды ұйымдастыру тәсілдері».
Жұмыстың қызықты интерактивті формаларын қолдана отырып, секциялық отырыстардың өзара әрекет ету формаларын модераторлар стандартты емес түрде жоспарлап өткізді. Қатысушылар Google jamboard онлайн тақтасымен жұмыс жасады.