Аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік сағат

Аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік сағат

2024 жылғы 6 қарашада ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ тұрмысы төмен отбасындағы балаларға арналған «Цифрлық ұстаз» жобасын іске асыру бойынша және «Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты қолданудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбында аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне әдістемелік сағат өткізді.

«Цифрлық ұстаз» жобасының мақсаты - цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, оқу үлгерімі төмен балалар үшін негізгі пәндер бойынша қосымша қашықтықтан сабақтар ұйымдастыру. Жаратылыстану математикалық бағыттың әдістемелік бөлімінің басшысы Г.М.Абышева тұрмысы төмен отбасынан шыққан үлгерімі төмен білім алушыларға академиялық және когнитивтік қолдау және нұсқаулықта көрсетілген өзгертулер жайлы толық ақпараттар берді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бөлімінің жетекшісі Д.С.Мамырбаев білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты түсіндірді.