«Ozyq Urpaq» пилоттық жобасы аясында информатика және робототехника мұғалімдерін оқыту бойынша облыстық семинардың қорытындысы

«Ozyq Urpaq» пилоттық жобасы аясында информатика және робототехника мұғалімдерін оқыту бойынша облыстық семинардың қорытындысы

Робототехника – бұл болашақ, ол өз біліктілігін белгілі бір уақытта тікелей арттыруға мүмкіндік береді, оқушылардың физикалық және ақыл-ой қабілеттерін дамытады, математика, физика, информатика және логика сияқты пәндерді, шығармашылық белсенділік пен басқалармен қарым-қатынасты біріктіреді.

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Роботек» компаниясымен бірлесіп «Ozyq Urpaq» пилоттық жобасы аясында  2024 жылғы 30, 31 қазанында және 1 қарашасында облыс мектептерінің ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ, «№47 орта мектебі» КММ,  «Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ, «№34 мектеп-лицейі» КММ 11 информатика және робототехника мұғалімдері үшін үш күндік оқыту өткізілді.  

Ашылу салтанатында Роботек компаниясының негізін қалаушы және директоры Санжар Жақсыбекұлы Шалқарбеков сөз сөйледі, ол робототехника және бағдарламалау, дарынды балаларды анықтау, оқытудың озық әдістері мен технологияларымен алмасу бойынша тегін үйірмелер өткізуге бағытталған педагогтерді оқыту бағдарламасымен таныстырды. Бұл бағдарлама оқушылардың техникалық дағдылары мен білім деңгейін арттыруға ғана емес, сонымен қатар ғылым мен технологияға деген қызығушылықты оятады, бұл жоғары технологиялар саласындағы инженерлер мен мамандардың жаңа буынын қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазір робототехникамен тығыз байланысты жасанды интеллект және нейрондық желілер сияқты бағыттар белсенді дамып келеді. Оқушылар механика және конструкция негіздерін қызықты түрде оқып, шығармашылық қабілеттерін дамытып, командада жұмыс істейтін болады.

 Оқу аяқталғаннан кейін мұғалімдер робототехника бойынша мектептерде сабақ өткізе бастайды, мектептерге Robotek.pro платформаға тегін жазылым беріледі, 2025 жылдың мамыр айында робототехника бойынша фестивальдің республикалық кезеңіне іріктеу туры өтеді.