Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Нұрғалиевтің қатысуымен өткен білім басқармасының алқа отырысы бойынша ақпарат

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Нұрғалиевтің қатысуымен өткен білім басқармасының алқа отырысы бойынша ақпарат

2024 жылғы 01 қарашада Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Ж.Нұрғалиевтің қатысуымен ШҚО білім басқармасының алқа отырысы  өткізілді.

Алқа отырысына 340 адам: аудандық, қалалық әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп және колледж директорлары, мектеп және колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ ШҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының, Өскемен қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының директорлары қатысты.

Алқа отырысының 1-бөлімінде білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер мен даму перспективалары талқыланды. Сондай-ақ, 943 еліміздегі нысаналы мектептерді дамыту жобасының ШҚО бойынша іске асырылуы аясындағы жетістіктер мен келешек жоспарлар қарастырылды. Бұдан басқа, техникалық білім берудің даму бағыттары мен жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы туралы пікірлер айтылды. Қазіргі таңда қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі − білім беру мекемелерінде зорлық-зомбылықтың, суицидтің, девиантты мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша оқу орындарында қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету, басшылық және бақылау механизмдерін ұйымдастыру тақырыбында баяндама жасалды.

Отырыс нәтижесінде білім беру жүйесінің қазіргі жағдайын жақсарту үшін нақты ұсыныстар мен шешімдер ұсынылды.

Негізгі бөлімнен кейін Коллегияның отырысы екі секциялық отырыспен жалғасты. 1-секцияда облыс әкімінің орынбасары Е.Ж.Нургалиев орта, арнайы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорларымен, сондай-ақ тәрбие жұмысы бойынша директорлардың орынбасарларымен кездессе, .2-секцияда Шығыс Қазақстан облысының білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы А.О. Байжанова білім бөлімдерінің басшылары және әдістемелік кабинеттердің меңгерушілерімен білім беру ұйымдарының аттестатталуы жөнінде мәселелерді талқылады.