ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Айжұлдыз» бөбекжайы» КМҚК педагог-асистенттеріне, логопедтер мен тәрбиешілерге арналған практикалық семинар

ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Айжұлдыз» бөбекжайы» КМҚК педагог-асистенттеріне, логопедтер мен тәрбиешілерге арналған практикалық семинар

2024 жылы 28 қазанда ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Айжұлдыз» бөбекжайы» КМҚК сұранысы бойынша «Асыл Мирас» Аутизм орталығының мамандары педагог-ассистенттерге, логопедтер мен тәрбиешілерге арналған практикалық семинар түрінде әдістемелік қолдау көрсетті. Аутизм орталығының мамандары АСБ бар балалармен жұмыс істеу әдістері туралы айтып берді, сондай-ақ аутизмі бар балалардың агрессивті мінез-құлқымен жұмыс істеу тәсілдерін іс жүзінде көрсетті. Мұғалімдер жұмыстағы проблемалық тақырыптарға сұрақтар қойып, толық жауаптар алды. Сондай-ақ, жұмыста әдістерді көрнекі қолдану үшін Аутизм орталығындағы сабақтарға педагог-ассистенттердің қатысуы туралы уағдаластық болды. Педагогтарға әдістемелік ақпараттық буклеттер мен әдістемелік ұсынымдар таратылды.