«Оқушыларды экологиялық тәрбиелеудің заманауи тәсілі» атты онлайн семинарының қорытындысы

«Оқушыларды экологиялық тәрбиелеудің заманауи тәсілі» атты онлайн семинарының қорытындысы

2024 жылғы 1 қараша күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы мектептің күзгі каникул жоспарына сәйкес облыстың жалпы білім беретін мектептерінің география пән мұғалімдері үшін «Оқушыларды экологиялық тәрбиелеудің заманауи тәсілі» әдістемелік көмек беру мақсатында онлайн семинар өткізді.

Семинарда оқушыларды экологиялық сауаттылыққа және мәдениеттілікке тәрбиелеу бағытындағы эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру, және сабақтың оқыту кезеңдерінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану жолдары қарастырылды.

Семинар барысында:

  • ШҚО ББ Тарбағатай ауданы «Асусай мектеп-балабақша кешені » КММ география пәнінің мұғалімі, педагог- модератор Әмірбекова Маржан Меделханқызы;
  • ШҚО ББ Марқакөл ауданы «Тақыр негізгі орта мектебі» КММ биология және география пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Кайнбаева Сәуле Кумаровна;
  • ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№45 орта бейіндік мектебі» КММ, география пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Кисанова Жанна Толепбергеновна;
  • ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ қарасты «Дәулетбай атындағы мектеп балабақша кешені» КММ, химия пәнінің мұғалімі, әдіскер, педагог-модератор Серікова Айсана Серікқызы іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың рефлексивті бөлімінде қатысушылар тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті және өз тәжірибелерінде пайдалану үшін әдістемелік ұсыныстармен бөлісті. Іс-шараға облыстық жалпы білім беретін мектептердің география пәнінің 31мұғалімі қатысты.

Семинар модераторлары: Г.М. Абышева - ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің әдістемелік бөлімінің жетекшісі, бөлім әдіскері Блейменова Г.Б.

 

#МақсаттыМектептер #ӘдістемелікҚолдау