
2024 жылдың 1 қараша күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ қауымдастықтың күзгі каникул мектебі жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері (Т1, Т2) қауымдастығының отырысын өткізді.
Отырыстың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда белсенді оқу стратегияларын қолдану жолдарын ұсыну, тәжірибе алмасу.
Отырыста қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері тақырып аясында өз ізденістерімен бөлісті.
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қ.Қайсенов кентінің орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Темиргалиева Салтанат Мұратбековна «Ауыз әдебиет үлгілерін оқытудың тиімді жолдары»;
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «А.Пушкин атындағы орта мектебі» КММ, педагог-зерттеуші Сагиева Айгуль Кадировна, «Lesson Study тәсілі арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру»;
Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің «Солдатово орта мектебі» КММ, педагог-зерттеуші Оспангалиева Зоя Мухтаровна «Өзге тілде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер» «Өзге тілде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдер»;
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп - лицейі» КММ, педагог - зерттеуші Меткенова Индира Кусбековна «Топтық жұмыс арқылы оқушылардың пәнге деген белсенділігін арттыру»;
Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Опытное поле орта мектебі» КММ, педагог - зерттеуші Шакенова Динара Канабековна «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған тапсырмалар» тақырыптарында оқу сауаттылығын арттырудағы белсенді әдістер, Lesson Study әдісінің тиімділігі, топтық жұмыстың нәтижелігі, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған тапсырма түрлері ұсынылып, мұғалімдер іс-тәжірибелерімен алмасты.
Кері байланыс жасалып, мұғалімдердің ұсыныс, пікірлері тыңдалды.