
2024 жылғы 28 қазан мен 1 қараша аралығында Ұлытау облысы Жезқазған қаласында Қ. Сәтбаев атындағы 9-11 сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша республикалық олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, оқушылардың химияны оқуға қызығушылығын арттыру.
Олимпиада екі кезеңі бойынша өткізілді: теориялық және практикалық.
Олимпиада қорытындысы бойынша Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары Қыдырмоллаұлы Нұрмұхаммед (9 сынып) және Болатхан Ислам (11 сынып) III дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен марапатталды.
Жеңімпаздарды жетістігімен құттықтаймыз! Алда табыс пен жеңістер тілейміз!