
2024 жылдың 31 қазанында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы мектептің күзгі каникулын өткізу жоспарына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептердің, оның ішінде жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдеріне арналған «Үздік педагог-2024» республикалық байқауы жеңімпаздарының іс-тәжірибесін трансляциялау мақсатында «Мұғалім шеберлігі - ізденіс нәтижесі» онлайн семинарын өткізді.
Шараға Шығыс Қазақстан облысындағы жалпы білім беретін мектептердің 100-ден астам мұғалімі қатысты.
Өткізілген шеберлік сабақтары:
Подхомутникова С.Ю. сауалнамалар жүргізуге, пікір жинауға, дауыс беруге және студенттердің білімін тексеруге арналған танымал құрал - Poll Everywhere қолдану тәжірибесімен бөлісті. Бұл қызметті веб-сайтта да, PowerPoint, Google Slides және басқа қолданбалармен біріктіру туралы мәлімдеді.
Татманова А.А. республикалық сараптамадан өткен және педагогикалық тәжірибені тарату үшін РОӘК-пен ұсынған авторлық бағдарламасымен таныстырып, авторлық бағдарламаны әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар туралы түсінік берді.
Пахомова Е.Е. бастауыш сыныптағы тіл пәндері аясында оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды, бұл мәтінді түсініп қана қоймай, оған сыни тұрғыдан ойлауға, ақпарат алуға және оны өмірде пайдалануға мүмкіндік беретіндігін атап, бұл әдіс-тәсілдер оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда мұғалімге көмек көмектесетінін дәлелмен айтты.
Қатысушылар өз пікірлерінде семинардың өте тиімді өткенін және қажетті ақпараттар алынғанын және кәсіби өсу үшін мұндай тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. Ұйымдастырушылар мен баяндамашыларға алғыстарын білдірді.
Семинар модераторлары: Кенжебаева Алма Тлеухановна, ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, баспа қызметі әдістемелік бөлімінің жетекшісі, Маратова Айжан Бекжановна, ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, баспа қызметі әдістемелік бөлімінің әдіскері.