2024 жылғы 31 қазан күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ күзгі каникулдық мектеп аясында облыстың 25 нысаналы мектебінің директорлары, директорлардың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына «Оқушылардың білім сапасын арттыруға әсер ететін факторлар» атты облыстық семинар өткізді.
Семинар барысында білім беру сапасына әсер ететін факторлар қарастырды.
Іс-шара барысында:
- ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С. Абдрахманова «Оқыту үдерісінде білімді тексеру мен бағалау арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында;
- ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ директоры С.Ю. Тинькова «Білім беру ұйымын басқарудағы сапалы кадрларды дайындаудың негізгі аспектілері» тақырыбында;
- ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ директорының орынбасары О.В. Макиенко «Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру: білім сапасын қамтамасыз етудегі ата-аналармен кері байланыс пен өзара әрекеттестіктің рөлі» тақырыбында;
- ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ педагог-психологі Г.Ж. Чалдыбаева «Мотивацияның психологиялық аспектілері және олардың білім беру процесінің сапасына әсері» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті
Шара соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті. Қатысушылардың туындаған сұрақтарына жауаптары мен тәжірибеде әрі қарай пайдалану үшін әдістемелік ұсынымдар берілді.
Семинардың модераторы: Б.А. Раимбекова, білім беру менеджменті және мониторингі әдістемелік бөлімінің басшысы.
#МақсаттыМектептер #ӘдістемелікҚолдау