
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өркен» аймақтық ғылыми-әдістемелік орталығының күзгі каникулдық мектеп жұмысы жоспарына сәйкес, Өскемен, Риддер қалаларынан және Глубокое, Ұлан аудандарынан келген ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді.
Семинар халықаралық Oxford University Press баспасының қолдауымен ұйымдастырылып, «21 ғасырдағы оқыту - Сыныпта жаһандық дағдыларды дамыту» тақырыбына арналды.
Семинардың негізгі мақсаты - әдістемелік қолдау көрсету, ағылшын тілін оқытуға арналған цифрлық ресурстармен таныстыру және практикалық идеялармен бөлісу.
Семинарды Оксфорд университетінің халықаралық шетелдік лекторы Эдже Арисут (Ece Arisut) жүргізді.
Семинар бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Мұғалімдер өздерінің оқу технологиялары бойынша жұмыс әдістері мен формаларымен тиімді түрде бөлісті.
Семинар барысында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған халықаралық интерактивті оқыту әдістері, коммуникация технологиялары, веб-сайттардағы жұмыс құралдары қолданылды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен ұйымдастырушылардың сыйлық жиынтықтары табысталды.
Іс-шараға облыстың аудандарынан 170 ағылшын тілі мұғалімдері қатысты. Семинарға қатысушылар тарапынан осындай кездесудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.