
2024 жылдың 30 қазанында ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы күзгі каникул мектебінің аясында «Инклюзивті білім беру жағдайын жасауда әдістемелік сүйемелдеу. Арнайы және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілеріне еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар» бойынша онлайн әдістемелік сағат өткізді.
Шараға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің арнайы, инклюзивті білім беру саласына жетекшілік ететін 13 әдіскері қатысты.
Әдістемелік сағатта арнайы, инклюзивті білім беру және интернатық ұйымдар әдістемелік бөлімінің жетекшісі Кубентаева А.К. нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды: «Білім туралы» ҚР Заңы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу профилактикасы және және балалардың қараусыз, панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР Заңдарына, сондай-ақ бұйрықтар: «Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру жағдайын жасау бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 12 шілдедегі № 178 бұйрығы және «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 165 бұйрығы. Сондай-ақ әдістемелік сағатта инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін әдіскерлердің жоспарлары қаралып, ұсыныстар берілді.