
2024 жылдың 30 қазанында Сәрсен Ақманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Өскемен қаласының мектеп директорларына «Инклюзивті білім беру жағдайында білім беру процесін басқару: заманауи тәсілдер мен тәжірибе» семинар өткізді.
Шараға Өскемен қаласының 50 ден астам мектеп директорлары қатысты.
Семинар барысында С. Аманжолов атындағы ШҚУ басқарма төрағасының орынбасары И.В. Ровникова, аталған университеттің оқытушылары А. К. Алипова, Ю.Е. Кукина, ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының арнайы, инклюзивті білім беру және интернаттық ұйымдар әдістемелік бөлімінің жетекшісі А.К. Кубентаева, ШҚО «Ақ Ниет» мектеп-интернаты» директоры С.К.Кривицкая, ШҚО ББ «облыстық психологиялық медициналық консультация» басшысының м.а Р.Т. Байчинов, Өскемен қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетің меңгерушісі Н.Т. Капчикова қатысып, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалрды қолдау, инклюзивті білім беру ортасын дамыту бойынша өздерінің іс-тәжирибелерімен бөлісті.
Шара соңында кері байланыс ұйымдастырылып, мектеп басшылары қойылған сұрақтарына жауап алды. Қатысушылардың барлығына университеттің атынан сертификаттар табысталды.