Бірыңғай ашық есік күні

Бірыңғай ашық есік күні

Күзгі каникул мектебі жоспары аясында Алтай, Глубокое, Шемонаиха аудандары мен Риддер қаласындағы мектептерде құрылған қазақ тілін үйрету орталықтарында оқушылар мен ата-аналар үшін Ашық есік күні өтті.

 Ашық есік күні орыс тілінде білім беретін 17  мектеп жанындағы  тіл орталықтарында өткізілді. Іс-шараға 121 топтан барлығы 1812 бала мен ата-ана қатысты.

Орталықтың ашылуына орай балалар мен ата-аналарға арналған ашық есік күні ұйымдастырылып, қазақ тілін оқыту үдерісіне тереңірек бойлау мақсатында қызықты іс-шаралар өткізілді.

Шараның басты мақсаты – тіл үйрену үдерісін жеңіл әрі еркін қалыпта өткізу үшін жайлы және қызықты орта қалыптастыру.

Орталықтың жетекші педагогтері оқушылар мен ата-аналарға қазақ тілін еркін меңгерту мақсатында коммуникативтік ойындар мен интерактивті тапсырмаларға бай шеберлік сабақтарын өткізді.

Сондай-ақ, ата-аналарға балаларды қазақ тіліне қызықтыру және оқу жылында олардың тілге деген ынтасын сақтау, үйде өздігінен білім алу үшін ресурстарды қолдану туралы жеке кеңестер берілді.

Шарада ұсынылған  кеңес беру бұрышына ерекше назар аударылды, онда ата-аналар мен оқушылар оқу материалдарымен және қосымша тілдік ресурстарға қолжетімділік беретін QR-кодтармен жұмыс істеу әдістерін үйренді.

Тіл орталығының ашылуы қазақ тілінде ауызекі тілдесуге,  тілдік қарым-қатынасты еркін қолдануға мақсатталған  орта  болып табылады. Мұнда білім тек оқу сабақтарында ғана емес, сондай-ақ  қарым-қатынас арқылы да игеріледі.