
«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы аясында «943 - еліміздегі нысаналы мектептерді дамыту» жобасын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының 595 педагогі (бастауыш сынып, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары пәндері) «Өрлеу» БАҰО» LMS платформасында онлайн оқыту форматында біліктілік арттыру курсының базалық деңгейіндегі әр модульдеріндегі материалдармен танысып, тапсырмаларды орындап, қосымша Live-сессияларды тыңдады, педагогтер қорытынды тестілеуде модульдер бойынша алған білімдерін көрсетті.
2024 жылғы 30 қазан күні Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебі базасында 62 орыс тілі мен әдебиеті мен 60 ағылшын тілі мұғалімдері базалық деңгей бойынша қорытынды тестілеуден өтті.
Курстың барысы педагогтердің кәсіби даму бағдарламаларын жетілдіруге, оқу-әдістемелерін жаңартуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған.
Базалық деңгейді аяқтаған педагогтер курстың негізгі деңгейін жалғастыратын болады.