
2024 жылғы 30 қазан күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы математика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында «PISA-ға дайындық кезінде пәнаралық байланыстарды пайдалану» атты онлайн семинар өткізді.
Семинарда оқушылардың PISA-ға дайындық кезінде пәнаралық байланыстарды пайдалану үшін жасалып жатқан жұмыстар, жаңа технологияларды математика сабақтарында қалай қолданылатыны жайлы ақпараттар қарастырылды.
Семинар барысында:
Семинардың рефлексивті бөлімінде қатысушылар спикерлер ұсынып отырған, оқушыларды PISA-ға дайындау кезіндегі пәнаралық байланыстарды пайдалану маңыздылығын, материалдардың практикалық құндылығын ерекше атап өтті.
Іс-шараға облыстық жалпы білім беретін мектептердің математика пәнінің 74 мұғалімі қатысты.
Семинар модераторлары: Г.М. Абышева - ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің әдістемелік бөлімінің жетекшісі, бөлім әдіскері Блейменова Г.Б, Қаирбаева Д.
#МақсаттыМектептер #ӘдістемелікҚолдау