
2024 жылдың 02-05 қазан аралығында Астана қаласында "Жұлдызай-2024" инклюзивті спорттық ойындар жарысында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нен 10-16 жас аралығындағы 14 тәрбиеленуші "үстел теннисі", "жеңіл атлетика", "мини – футбол" 3 түрлі спорт сайысына қатысты.
Біздің нәтиже 14 медаль болды: 3 алтын, 4 күміс және 7 қола!
Үстел теннисі бойынша: 1 орын – Лах Даниил, 1 орын – Нұрдаш Толғанай
2 орын – Қозықанова Адина,3 орын - Асқарбекұлы Жігер.
Жеңіл атлетика бойынша: 1 орын – Долголев Дмитрий, 2 орын – Онищенко Варвара, 2 орын – Айтқалиева Ақерке, 2 орын – Мейрамов Дидар.
Шағын футболда – командалық ойында қола.
Бұл жарыстар балаларымызды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға итермелеп қана қоймай, олардың өзіне деген сеніміне де септігін тигізеді.
Әрбір жеңіс – табандылық пен өзіне деген сенімділіктің нәтижесі. Бұл олардың үлкен жетістіктерінің бастамасы ғана екеніне сенімдіміз!
Жас спортшыларымызды құттықтй отырып, денсаулық және жаңа жеңістер тілейміз! Жаңа жетістіктерге жету үшін тек қана алға!