«Менің елім – Қазақстан!» атты облыстық пікірсайыс турнирі

«Менің елім – Қазақстан!» атты облыстық пікірсайыс турнирі

2024 жылғы 29 қазанда ШҚО Білім басқармасы және Өскемен жоғары политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында  Республика күніне арналған  облыстық колледж  студенттері арасындағы «Менің елім – Қазақстан!» атты пікір - сайыс турнирі өткізілді.

Турнирдің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы дебат қозғалысын дамыту бойынша жобалық кеңсе сарапшысы - Нүркен Дәулет Қайратұлы  қатысып, Шығыс Қазақстан колледждерінің студенттеріне еліміздегі  пікір-сайыс қозғалысын дамытуға үлес қосқандары  үшін алғысын білдірді.

 Облыстық дебат турнирі қазақ тілінде өтті, пікір-сайысқа 10 колледжден 54  студент қатысты.

                    Пікір - сайыс турнирінде I- орынды - Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті Шәріпханова Ақбота және  Өскемен жоғары медицина колледжінің студенті Төлегенова Ерке иеленді, II - орынды Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жоғары колледжі студенттері Октябрь Жанбота, Айдынова Арна   иеленді, III  - орынды Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі студенттері Жумабай Маржан, Марғарапова Алина иеленді.

Облыстық дебат сайысының «Үздік төреші» номинациясын Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті Қалиева Назлы иеленді. Облыстық дебат сайысының «Үздік спикері» номинациясына Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің жоғары колледжінің студенті Октябрь Жанбота ие болды.

I, II, III – орындарды иеленген  жеңімпаздарды басқарма дипломдарымен, арнайы кубокпен марапатталды.