«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары» облыстық онлайн-семинар

«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары»  облыстық  онлайн-семинар

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының күзгі каникул жоспарына сәйкес оқыту  қазақ тілінде  жүргізілетін  облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері үшін  2024 жылдың 29 қазанында «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын арттыру жолдары» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты - бастауыш сыныптарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін   жетілдіру,

Іс-тәжірибелермен  бөлісу.

Семинарда спикерлер бастауыш сынып оқушыларының математикалық, ғылыми-жаратылыстану, оқу  сауаттылықтарын дамыту  жолдарына тоқталып, тәжірибелерімен  бөлісті.

Шара барысында: 

- Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері С.Тинькова, Н.Мельникова  бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын жан-жақты дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен таныстырды.

Семинарға нысаналы мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері мен аудандық, қалалық, облыстық білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын  білдірді.

#МақсаттыМектептер #ӘдістемелікҚолдау