«Функционалды сауаттылық, Өмір үшін үйренеміз» атты онлайн семинар қорытындысы

«Функционалды сауаттылық, Өмір үшін үйренеміз» атты онлайн семинар қорытындысы

2024 жылғы 29 қазан күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы физика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында «Функционалды сауаттылық, өмір үшін үйренеміз» атты онлайн семинар өткізді.

Семинарда оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту үшін жасалып жатқан жұмыстар, сол білімін өмірде қолдану арқылы қиындықтарды жеңу жолдары, мұғалімдердің шеберлігі, жаңа технологияларды физика сабақтарында қалай қолданылатаны жайлы ақпараттар қарастырылды.

Семинар барысында:

  • Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі, педагог-шебер Ракишева Г.Б;
  • Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі, педагог-модератор Кузнецов Д.А іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың рефлексивті бөлімінде қатысушылар оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты спикерлер ұсынып жатқан жұмыстардың, материалдардың практикалық маңыздылығын, жоғары мотивациялық құндылығын ерекше атап өтті.

Іс-шараға облыстық жалпы білім беретін мектептердің физика пәнінің 53 мұғалімі қатысты.

Семинар модераторлары: Г.М. Абышева - ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің әдістемелік бөлімінің жетекшісі, бөлім әдіскері Блейменова Г.Б, Қаирбаева Д.

 

#МақсаттыМектептер #ӘдістемелікҚолдау