Нысаналы мектептерінің тарих және құқық негіздері және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері курстың базалық деңгейін аяқтады

Нысаналы мектептерінің тарих және құқық негіздері және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері курстың базалық деңгейін аяқтады

«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы аясында «943 - еліміздегі нысаналы мектептерді дамыту» жобасын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының 595 педагогі (бастауыш сынып, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары пәндері) «Өрлеу» БАҰО» LMS платформасында онлайн оқыту форматында біліктілік арттыру курсының базалық деңгейіндегі әр модульдеріндегі  материалдармен танысып, тапсырмаларды орындап, қосымша Live-сессияларды тыңдады, педагогтер қорытынды тестілеуде модульдер бойынша алған білімдерін көрсетті.

2024 жылғы 29 қазан күні Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебі базасында 45 тарих және құқық негіздері  мен 95 қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері базалық деңгей бойынша қорытынды тестілеуден өтті.

Курстың барысы педагогтердің кәсіби даму бағдарламаларын жетілдіруге, оқу-әдістемелерін жаңартуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған. 

Базалық деңгейді аяқтаған педагогтер курстың негізгі деңгейін жалғастыратын болады.

#МақсаттыМектептер #ӘдістемелікҚолдау