
Инженерия мен бағдарламалау заманауи білім берудің негізіне айналатын Жоғары технологиялар мен инновациялар әлемінде оқушылар үшін өз дағдыларын дамытуға және идеяларды жүзеге асыруға бірегей мүмкіндіктер ашылды.
27-28 қазанда Астанадағы Әл — Фараби атындағы Оқушылар сарайында өткен ең ірі халықаралық робототехника және бағдарламалау фестивалі — R:ED Fest осындай перспективаларды ұсынады. Бұл іс-шара Қазақстаннан, Ресейден, Өзбекстаннан және басқа елдерден жас таланттарды жинап, тәжірибе алмасу және озық инженерлік шешімдерді көрсету үшін тамаша алаң құрды.
Фестиваль оқушылар арасында инженерлік білім беруді дамытуға бағытталған «Болашақ инженерлер» ауқымды жобасының бір бөлігі болды. «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының, «Инженерлік білім беруді дамыту» қорының және «Арман Инжиниринг» компаниясының қолдауының арқасында облысымыздың 20 мектебінде робототехника кабинеттері ашылып, педагогтарға әдістемелік қолдау көрсетілді. Бұл мектеп оқушыларына алғашқы қадамдардан бастап ғылым әлеміне енуге мүмкіндік береді.
27 қазанда фестивальдің республикалық кезеңі өтті, онда Шығыс Қазақстан облысының оқушылары үздік нәтижелер көрсетті. «Scratch бағдарламалау» құзыреттілігі бойынша кіші жас санатында бірінші орынды Илья Грислит, екінші орынды Михаил Налимов, үшінші орынды Степан Вербицкий жеңіп алды, олардың барлығы Алтай ауданының «№1 бастауыш мектебі» КММ оқушылары. Үлкен жас санатында «Эстафета» номинациясы бойынша Ұлан ауданының «Р.Марсеков атындағы орта мектебі» КММ оқушылары Расул Құсайынов пен Мерей Тоқтамысов екінші орынға иеленді. Топ жетекші-педагогтары Ярославна Вячеславновна Андронова мен Нартай Базарбекұлы Нұрашов өз оқушыларын даярлауға зор үлес қосты.
Биылғы жылы фестивальге Алтай, Глубокое, Тарбағатай, Ұлан, Күршім аудандары мен Риддер қалаларынан 41 оқушы қатысты. Қатысушылар барлық жас топтары бойынша «Сызық қозғалысы», «Сумо», «Эстафета», шығармашылық жобалар және Scratch бағдарламалау сияқты әртүрлі санаттарда сынасты.
R:ED Fest фестивалі — бұл жай ғана бәсекелестік емес, бұл балалар мен жасөспірімдерге өздерін дәлелдеуге, өздерін әлемдік технологиялық қоғамдастықтың бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Үздіктердің үздіктері, республикалық кезеңнің жеңімпаздары, 28 қазанда инженерлік шеберлік пен бағдарламалаудың шыңдарына шығуды жалғастыра отырып, Қазақстанды халықаралық кезеңде таныстырды.