
Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай 2020 жылдың 10 тамызында Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында XXI Республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңі өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың» Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы.
Абай оқуларына қатысушылар 6 номинация бойынша сайысқа түсті:
-«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» – Абай өлеңдерін жатқа оқу байқауы;
- «Абайдың қара сөздері» - Абайдың қара сөздерін жатқа оқу байқауы;
-«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» - Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлының шығармаларын оқу байқауы;
- «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрім ән - күйлерін мәнерлеп орындау байқауы;
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - өз шығармаларын орындау байқауы: өлеңдер, әндер, күйлер;
- «Ұлылар әлемі» - Абай шығармашылығы туралы эссе жазу байқауы.
Оқуларға Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандары мен қалаларынан 80 қатысушы қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының жетекші жоғары оқу орындары мен колледждерінен құралған белгілі ғалымдар бар XXI Республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңінің қазылар алқасы ерекше дарынды балаларды анықтады.
Байқау қорытындысы бойынша 40 оқушы жүлде гер атанды (І орын - 6, ІІ орын - 13, ІІІ орын - 21).
Жеңімпаздар тізімін www.shyqysdaryn.kz сайтынан көруге болады.
Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлерге дипломдар табысталды. Жүлделі орын алмаған қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары онлайн режимінде XXI Республикалық Абай оқуларына қатысады.
Біздің жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз және барлық қатысушыларға жаңа табыстар тілейміз!