
2024 жылғы 22 қазан күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы биология, химия және жаратылыстану пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында «Жаратылыстану сауаттылығын арттыру мақсатында PISA тапсырмалары арқылы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту» атты онлайн семинар өткізді.
Семинарда PISA тапсырмалары арқылы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту үшін жасалып жатқан жұмыстар, мұғалімдердің шеберлігі, жаңа технологияларды биология, химия және жаратылыстану сабақтарында қалай қолданылатаны жайлы ақпараттар қарастырылды.
Семинар барысында:
Семинардың рефлексивті бөлімінде қатысушылар PISA тапсырмалары арқылы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты, спикерлер ұсынған материалдардың практикалық маңыздылығын, жоғары мотивациялық құндылығын ерекше атап өтті.
Іс-шараға облыстық жалпы білім беретін мектептердің биология және химия пәнінің 38 мұғалімі қатысты.
Семинар модераторлары: Г.М. Абышева - ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің әдістемелік бөлімінің жетекшісі, бөлім әдіскері Д.Қаирбаева.
#МақсаттыМектептер #ӘдістемелікҚолдау