«Психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеті жағдайында ойын технологияларын қолдану арқылы түзете-дамыту процесінің сапасын жоғарлату» семинар-практикумы

«Психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеті жағдайында ойын технологияларын қолдану арқылы түзете-дамыту процесінің сапасын жоғарлату» семинар-практикумы

2024 жылдың 24 қазанында Риддер қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің 20 жылдығы аясында «Психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеті жағдайында ойын технологияларын қолдану арқылы түзете-дамыту процесінің сапасын жоғарлату» семинар-практикумы өтті.

Семинарға Риддер қаласы білім беру ұйымдарының 30 педагогі, оның ішінде қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, арнайы балабақша мамандары, сондай-ақ кәсіподақ мүшелері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Мерейтойға орай Риддер қаласындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Қатысушылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды түзеуге және дамытуға бағытталған білім беру үдерісіндегі ойын технологияларының маңыздылығын талқылады.

Риддер қаласының ППТК-нің мұғалімдері балалардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттыруға көмектесетін, сондай-ақ әр балаға жеке тиімді
әдіс-тәсілдерді қолдану бойынша ойларымен бөлісті. Талқылау барысында ойын әдістерін түзету жұмыстарында қолданудың практикалық мысалдары қарастырылды.

Шара соңында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, көтерілген тақырыптарды тереңірек талқылауға және түзету жұмыстарының тәжірибесіндегі өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді. Қатысушылардың кері байланысы жоғары қызығушылық пен алған білімдерін тәжірибеде қолдануға деген ұмтылысты көрсетті.