
2024 жылдың 24 қазанда «Үздік педагог-2024» республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды.
Республика бойынша 64 мұғалім «Үздік педагог» атағына ие болды, соның ішінде 3 мұғалім Шығыс Қазақстан облысынан:
Пахомова Елена Евгеньевна, ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, бастауыш сынып мұғалімі;
Татманова Асига Акашевна, ШҚО ББ Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ, тарих мұғалімі;
Подхомутникова Светлана Юрьевна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 10 мектеп-гимназиясы» КММ, ағылшын тілі мұғалімі;
«Үздік педагог» атағының иегерлеріне республикалық бюджет есебінен 1000 АЕК көлемінде сертификат және төсбелгі табысталды.
«Үздік педагог – 2024» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздарына куәлік және 300 АЕК көлемінде сыйақы берілді. Олар:
Ибатаева Индира Айтахметовна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;
Мухаметрахимова Раушан Жумагалиевна ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 46 орта мектебі» КММ, ағылшын тілі мұғалімі;
Закарьянова Нургул Советовна, ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ, математика мұғалімі.
Республикалық конкурстың жеңімпаздарын лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!