
ШҚО ББ «Örken» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 23 қазанында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» КММ бірлесе отырып, «Құзіреттілік орталықтары: тәжірибе, инновация, перспективалар» тақырыбында республикалық семинар өткізді.
Семинардың мақсаты: құзыреттілік орталықтарын дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау, инновацияларды енгізу және қолдану саласындағы озық тәжірибелер мен білімдерді қорытындылай отыра, тәжірибе алмасу.
Шараның бірінші бөлімі Өскемен қаласының 4 құзіреттілік орталықтарында: «Ұлттық тәрбие арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту» (№15 «Рахат» балабақшасы); «Инновациялық технологияларды оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда тиімді қолдану» (№1 «Балапан» балабақшасы); «Үздіксіз «балабақша-бастауыш мектеп» жүйесі жағдайында жобалау және зерттеу қызметі арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық және танымдық белсенділігін дамыту» (Дарынды балаларға арналған мамадандырылған валеологиялық мектеп-кешені); «Мектепке дейінгі білім беруде цифрлық технологияларды қолдану» (№18 «Еркетай» балабақшасы) тақырыптарында тәжірибелік алаң формасында өткізілді. Тәжірибелік алаңдарда Ұлан ауданынан «Айжұлдыз», Үлкен Нарын ауданынан «Балбөбек», Өскемен қаласының №106 «Қарлығаш», Абай, Павлодар облыстарының балабақшаларының педагогтері де өздерінің тәжірибе үлгілерімен, іскерлік ойындарымен, лайфхактарымен, шебер-сыныптарымен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Семинардың екінші бөлімі облыстық драма театрында жалғасып, пленарлық мәжіліс аясында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтерінің әдістемелік көрнекіліктерінен көрме ұйымдастырылып, Өскемен қаласының Оқушылар шығармашылық үйінің бүлдіршіндері музыкалық шашумен ашып, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысысының орынбасары А.Ақылбек; ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі тәрбие департаментінің бас сарапшысы Л.А.Барон құттықтау сөз сөйлеп, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» КММ директорының м.а. М.Н.Ерманова республика көлемінде мектепке дейінгі сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтады.
Республикалық семинар барысында Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының «Örken» әдістемелік орталығының әдіскері А.Қ.Кырыкбаева; Абай облысы Білім басқармасының «Облыстық инновациялық әдістемелік орталығы» КММ Мектепке дейінгі, мектепалды даярлық және бастауыш білім беру бөлімінің басшысы А.Ж.Жумагулова; Павлодар облысы Білім басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Ж.А.Мухтаева құзіреттілік орталықтары, мобильді топтар және консультациялық пункттердің жұмысын үйлестірудегі тәжірибелерімен алмасты.
Шараға еліміздің 17 облысынан мектепке дейінгі тәрбие бойынша өңірлік және білім бөлімдерінің әдіскерлері, балабақша басшылары мен тәрбиешілері, жиыны 200-ге жуық педагогтер қатысты. Семинар соңында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» КММ директорының м.а. М.Н.Ерманова қорытынды сөз сөйлеп, қатысушылармен кері байланыс жасап, семинарды ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.