Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған әдеби қонақжай

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған әдеби қонақжай

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы шеңберінде Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2020 жылғы 10 тамызда  9-сынып оқушыларына ZOOM бағдарламасы арқылы «Абай шығармашылығының қыры мен сыры» тақырыбында әдеби қонақжай өткізді.

Іс-шара үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ойын интерактивті технологиялары арқылы цифрлы форматта өтті.

Оқушыларды Абай Құнанбайұлының өмірі туралы көп тарамаған мәліметтермен таныстыру, Абайдың лирикасын тереңірек таныту аталған іс-шараның бірегейлігі болды.

Әдеби қонақжайдың соңында Өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы әзірлеген Абай туралы 3 D кітап көрсетілді.

Қорытынды сөз сөйлегенде облыс оқушылары осы сияқты іс-шараларды өткізудің қажеттілігін және оның қашықтықтан оқыту жағдайындағы өзектілігін атап өтті.