
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 5 қыргүйегінен 21 қазан аралығында білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы «Tuğan jerdіŋ tabiğaty» облыстық бейнероликтер байқауын өткізді.
Негізгі мақсаты: жасөспірім ұрпақтың кешенді білімін, Шығыс Қазақстанның өлкетануы туралы тұтас ұғымын қалыптастыру және жастардың зияткерлік, шығармашылық және эстетикалық потенциалын бейнеөнер арқылы дамыту. Байқауға білім беру ұйымдары оқушыларының 105 жұмысы ұсынылды.
Жұмыстарды бағалау нәтижелері бойынша сараптама комиссиясы 3 санат бойынша жеңімпаздарды анықтады: 1-4, 5-9, 10-11 сыныптар.
Облыс мектептерінің 1-4 сыныптарының арасында жеңімпаздар анықталды:
Бірінші орын – Занина Екатерина, 2 сынып оқушысы, «Үлкен Нарын орта мектебі» КММ, Үлкен Нарын ауданы.
Екінші орын – Тулепова Еркежан, Шекунаева Ясмина мектепалды даярлық сыныбының оқушылары, «Алия Молдағулова атындағы орта мектебі» КММ, Самар ауданы.
Үшінші орын – Мырзабекова Сезім, мектепалды даярлық сыныбының оқушысы, «Серебрянск қаласының №4 орта мектебі» КММ, Алтай ауданы.
Облыс мектептерінің 5-9 сыныптарының арасында жеңімпаздар анықталды:
Бірінші орын - Зуев Арсений, Кадылгожа Мади 7 сынып оқушылары, «№26 орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы.
Екінші орын – Пастухова Дарья, 9 сынып оқушысы, «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ, Өскемен қаласы.
Үшінші орын - Сәрсенова Айдана, Черныш Виктория, Витвицкая Валерия 9 сынып оқушылары, «Н. Лут орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы.
Облыс мектептерінің 10-11 сыныптарының арасында жеңімпаздар анықталды:
Бірінші орын - Буланова Карина, Мубаракова Надира, Раевская Анна, Акулинин Артемий, Бейсенбинов Ануар 10,11 сынып оқушылары, «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп-лицейі» КММ, Өскемен қаласы.
Екінші орын - Буланова Карина, Мубаракова Надира, Раевская Анна, Сушков Кирилл, Устинов Александр 11 сынып оқушылары, «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп-лицейі» КММ, Өскемен қаласы.
Үшінші орын - Қадырова Нұрайым, Ерболқызы Меруерт, Балғабаева Айғаным 11 сынып оқушылары, «Көгедай орта мектебі» КММ, Зайсан ауданы.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Байқауға қатысқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз және барлық бастамаларға сәттілік тілейміз!