Өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығы

Өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығы

Өрт сөндіруші және құтқарушы мамандықтары өте қажет және жауапты. Бұл мамандықтарды бейтаныс адамдарды құтқару үшін өз өмірлерін қатерге тігуге дайын батыл және мықты адамдар таңдайды. Жыл бойы осы кәсіптердің өкілдері біреудің өмірін, мүлкін, табиғи байлығын сақтап, табиғи және техногендік апаттармен күресуде.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жылдың төрт мезгілінде де мол жұмыс атқарады. Жазда-жүзу және орман өрттері маусымы, қыста-қар көшкініне қарсы күрес, мұздану, отшашулармен абайсызда жұмыс істеу, күзде және көктемде – әртүрлі дәрежедегі су тасқынына қарсы іс-шаралар, қауіпті аймақтардан халықты эвакуациялау. Жер сілкінісі кезінде құтқару жұмыстарына ерекше  назар аударады.

Облыста аталған қызметтердің материалдық - техникалық базасын жаңарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде, бұл өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысына сапалы әсер етеді.

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан аймақтық ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ ШҚО ТЖД-нің өрт сөндіру қызметінің тәрбие жұмысы тобының және авариялық-құтқару жұмыстары аға инспекторы Г.К. Құсайыновамен бірлесіп, қауіпті, бірақ қызықты және шынымен батыл мамандықтарға, олардың қазіргі әлемдегі маңыздылығына арналған интерактивті сабақ өткізді.

Өрт сөндіруші мен құтқарушының жұмысы - маңызды, саналы таңдау. Егер сіз өзіңізді өмірді құтқаруға, отпен, сумен және басқа да табиғи элементтермен күресуге арнағыңыз келсе, Көкшетау қаласындағы   
Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына түсуге мүмкіндігіңіз бар, онда осы мамандықтарды алу үшін барлық жағдай жасалған.