«Абайды тану – өзіңді тану» шолу дәрісі

«Абайды тану – өзіңді тану» шолу дәрісі

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз - Абай күні болып жарияланды. Алдағы уақытта 10 тамыз – Абай күні болып мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізіліп, атаулы күнде ақын мұралары кеңінен насихатталып, жыл сайын халықтық мейрам ретінде аталып өтілетін болды.

Биыл қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы. Осыған орай, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөнінде облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, бүгінгі күнге дейін өз нәтижесін берген 5-8 сыныптарға арналған «Абайтану» аймақтық оқу бағдарламасы, «Мұғалім кітабы» оқу-әдістемелік кешені, облыс көлемінде ашылған 200-ге жуық Абайтану кабинеттері дәлел болмақ. Айтулы іс-шаралар әлі де жалғасын табуда.

Абай тағылымына тағзым ету – Рухани жаңғырудың үлкен кезеңі. 2020 жылдың 08 тамызында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Zoom» платформасында онлайн форматта С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Картаева Айжан Маратбекқызымен «Абайды тану – өзіңді тану» шолу дәрісін өткізді.

 Шолу дәрісіне аудандық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскерлері, мемлекеттік және орыс тілінде оқытатын мектептердің Абайтану, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері және аудандағы ассоциация мүшелерін қоса айтқанда 100-ден аса мамандар қатысты.

1,5 сағатқа созылған дәрісте Айжан Маратбекқызы Абай іліміндегі толық адам, жүрек концепцияларын ғылыми тұрғыда жан-жақты түсіндіріп, ұстаздар қауымына құнды ақпараттар беріп, Абай ғұмырнамасы әлі де зерттеу жұмыстарын қажет ететіндігін атап өтті.

Дәріс қатысушылар ой бөлісіп, пікір алмасып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды.

Шара соңы ізгі-тілектермен ұласып, ұстаздар қауымының өтінішімен алдағы уақытта Абай шығармашылығы әлі де тереңнен түсіндіріліп, басқа да атаулармен дәрістеріміз жалғасын табатындығымен аяқталды.