«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы аясында «943 - еліміздегі нысаналы мектептерді дамыту» жобасын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының 595 педагогі (бастауыш сынып, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары пәндері) «Өрлеу» БАҰО» LMS платформасында онлайн оқыту форматында біліктілік арттыру курсының базалық деңгейіндегі әр модульдеріндегі материалдармен танысып, тапсырмаларды орындап, қосымша Live-сессияларды тыңдады, педагогтер қорытынды тестілеуде модульдер бойынша алған білімдерін көрсетті.
2024 жылғы 19 қазан күні Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебі базасында 7 бастауыш сынып және 37 химия мен биология пәндерінің мұғалімдері базалық деңгей бойынша қорытынды тестілеуден өтті.
Курстың барысы педагогтердің кәсіби даму бағдарламаларын жетілдіруге, оқу-әдістемелерін жаңартуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған.
Базалық деңгейді аяқтаған педагогтер курстың негізгі деңгейін жалғастыратын болады.
#МақсаттыМектептер #ӘдістемелікҚолдау