«АСБ бар балаларды оқыту және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудегі ерекшеліктері» облыстық семинар-практикум

«АСБ бар балаларды оқыту және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудегі ерекшеліктері» облыстық семинар-практикум

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2024 жылдың 18 қазанында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы» КММ базасында «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығы мамандарының қатысуымен «АСБ бар балаларды оқыту және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудегі ерекшеліктері» тақырыбында іс-тәжірибе тарату мақсатында облыстық семинар-практикумын өткізді.

Шараға облыстағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетерінің мамандары, арнайы балабақшалардың педагогтері, барлығы 35 педагог қатысты.

Семинар барысында аутизм спектрі бұзылған балалармен жұмыс жасайтын педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, аутизм спектрі бұзылған балаларға әлеуметтік бейімделуге (қоғамға интеграциялауға) жәрдемдесу, түзету, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша жұмыс тәжірибелер көрсетіліп, қатысушылар пікір алмасты.

Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар  қойылған сұрақтарына жауап алды.